Bugin
Фото. depositphotos
Қазақстанда қыркүйектен бастап 11 жастағы қыздарға жатыр мойны обырына қарсы вакцина салынады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы атап өткендей, Қазақстанда 11 жасар қыздарға адам папилломавирусына қарсы вакцина егу қолға алынбақшы. Вакцинаны ата-ананың жазбаша келісімімен жаңа оқу жылының басында, яғни 2024 жылдың күзінде тегін салынады.
"Жатыр мойны обырының 97%-ы осы вируспен байланысты. Созылмалы вирус тасымалдау белгілі бір жағдайда жатыр мойны обырының дамуына әкелуі мүмкін", - деп хабарлады басқарма.
Алматы онкологиялық орталығының бөлім меңгерушісі Райхан Болатбекова жатыр мойны обыры бірден-бір толық алдын алуға болатын ісік екенін атап өтті.