Bugin
Белгілі адвокат Айс Мұратованың ісі бойынша бас прокуратураға шүйлікті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Айс Мұратованың ісі бойынша жәбірленушілерге көмек беріп жүрген Нұрсұлтан Орынбеков бас прокуратураның ісінен олқылық тапты.
Адамдарды алдаған Айс Мұратоваға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Бас прокуратура келтірген мәлімдемеде:
"Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органдарына еліміздің әр өңірінен азаматтардан 267 арыз түсті, келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 500 миллион теңгені құрайды",-делінген.
Ал адвокат бұл көрсетілген сумма қате екендігін айтты.
"Мен көрген бір ғана менеджер 450 миллион шығынмен арыз жазған. Ең азы 18 миллион теңге. Ал ондайлардың жүзі бар. Бар болғаны 500 миллион шығын дегені несі?!",- дейді Нұрсұлтан Орынбеков.
Сонымен қатар адвокат өз Инстаграм парақшасына бас прокуратураны белгілеп кеткен.