Bugin
Аймағамбетов түнгі клубқа барғаны үшін жұмыстан қуылған мұғалімдерге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Белгілі болғандай, мұғалімдер әлеуметтік желіде демалыс кезінде түсірілген кадрларды таратқан, мұны көрген оқушылардың ата-аналары оларды жұмыстан шығаруды талап еткен.
Бұл оқиғаға бұрынғы білім министрі, қазір Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов пікір білдірді.
"Мұғалімдер де баршамыз сияқты азамат. Олардың құқықтарын ешкім шектеуге болмайды. Сондықтан бұл жерде біз мұғалімдерге қойылатын талаптарды анық ажыратуымыз керек екенін білесіздер. Әрине, жоғары талаптар өздігінен туындайды. Бірақ олардың құқығын түсінуіміз керек. Ал бұл жерде істі нақты түсініп, олардың бұл істе қандай кінәсі бар екенін білу керек", - деді Аймағамбетов.