Bugin
Сотталып жатқан адвокат Ләззат Жапаш тың мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Журналистік зерттеулер агенттігі YouTube арнасына сілтеме жасап.
"Қарасай ауданы Қазақстан мемлекетіне қатысы жоқ аудан екен. Бұл жерде Қазақстанның заңдары жоқ. Бұл жерде адамды қорлау болып жатыр. Мен желтоқсаншымын. Маған жала жауып отыр"-дейді айыпталушы.
Ләззат Жапаш жала жабылып жатқанын алға тартып:
"Кім Ләззат пен Әминаға арыз жазады, соған жер беріледі. Оны мемлекет бақылайды"-деп, менің атымнан арыз жазғызған. Халықтың 660 гектар жері тоналып кеткен. Оны кім тонағанын, қалай тонағанын білемін. 34 адам арыз жазды. Сочава деген Нұрбол Назарбавтың адамы. Сочаваның атына тіркелген жерлер Болат Назарбаевтың баласы Нұрбол Назарбаевтың атында",- дейді Ләззат.
Сонымен қатар ол бірнеше қорқытуларға ұшыраған екен.
"Мені қорқытты талай. Біреуі келіп "қатын, басыңды соғып, қарныңды жарып, Жаңатұрмысқа іліп кетеміз" деді. Мен өмірімде пара алып көрген адам емеспін", - дейді Ләззат Жапаш.