Bugin

"16 жыл бұрын саябаққа тасталған": шетелдіктер асырап алған бала туған анасын іздейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: бағдарламадан скриншот

Жанар Байсемізованың “шетелдегі қазақ балалары” бағдарламасы АҚШ-тың Чикаго штатындағы балалардың ахуалын білді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі бағдарламаға сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласында 16 жыл бұрын Нархоз саябағынан тастанды нәресте табылдаы. Көретін жарығы бар екен. Түн ортасы ауып кетсе де, кіндігі кесілмеген нәресте аман қалады. Әйел полиция қызметкері баланы тауып, тірі қалуына себеп болған.

Асырап алған ата-анасы сені анаң басқалар тез тауып алуы үшін саябаққа қалдырған деп жеткізіпті. Ахат Филлип Қазақстанға барғандағы сезімі туралы:

“Өзім табылған саябаққа барғаным естен кетпес ерекше оқиға болды. Анам мені сол жерде босаныпты. Саябақты аралап жүріп, бір кездері анам да осы жерде жүрді ғой деп ойладым. Ойым сан саққа жүгірді. Қуандым. Мұңайдым. Туған анамның табаны тиген жерге менің де табаным тиді ғой деп қуандым. Сезім араласып кетті. Ол жүрген ізді басқанда екеуміздің арамыздағы әлдебір байланысты сезінгендей болдым. Ол жер маған бір сондай жылы, сондай қауіпсіз сезінді. Саябақтың бір жерін қалдырмай аралап шыққым келді. Мені қай жерде босанғанын білгім келді”,-дейді.

Асырап алған ата-анасы мен полицияға жүгінген балаға бәрі таңданады. Баланы тауып алған әйелге хабарласып, іздейді. Баланы саябақтың қай жерінен тапқаны туралы айтты. Ескерткіштің астына қойған екен.

Ахат бұрын анасын шашы сары, жағажайда демалып жүрген әйел кейіпінде елестеткен екен. Қазақстанға сапарынан соң анасын қазақтарға ұқсатып елестете алатынын айтты. Университет саябағына қалдырғанына қарағанда ол кезде анасы студент болған секілді.