Bugin

Танымал актер Мюнхен әуежайында қамауға алынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Арнольд Шварцнеггер Мюнхен әуежайында қамауға алынды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

76 жастағы Голливуд актері, Калифорнияның бұрынғы губернаторы Арнольд Шварцнеггер Мюнхен әуежайында қамауға алынды.

Кедендік тексеруден кейін актер әуежай полициясы ғимаратына жеткізілді. Оның ұсталуына қымбат Audemars Piguet сағаты себеп болған. Арнольд оларды аукционда сатқысы келген.

Шварцнеггердің Дүниежүзілік климат саммиті үшін Австрияның Китцбюхель қаласына баруды жоспарлағаны атап өтілді.

Бұған дейін ол Доминикан Республикасының әуежайында 40 келіден астам азық-түлік салынған чемоданмен ұсталған.