Bugin
Фото: Эммануэль Тодд. ABACA / © Рено Хан
КСРО-ның ыдырауын болжаған француз тарихшысы және социологы Эммануэль Тодджаңа болжам айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі оның Journal du Dimanche басылымына берген сұхбатына сілтеме жасап хабарлайды.
Эммануэль Тодд – 1976 жылы ол өзінің «Соңғы сәтсіздік» кітабында Кеңес Одағының ыдырауын болжады. Ол оқиға араға 14 жыл уақыт салып шындыққа айналмақ.
"Лютерандық Германия батыстық дамудың орталығы болды. Бірақ ол либерализм үшін ештеңе істемеді. Ресей сияқты оның авторитарлық темпераменті бар. Мен Вашингтонның Берлинді Мәскеуден алшақтату әрекеті – және америкалықтар 2004 жылдан бері осы стратегиялық ойға әуестеніп кеткен. Оның сәтсіз аяқталатынына сенімдімін. Еуропаның картасына қарасаңыз, екі ірі держава көзге түседі. Олар: Германия мен Ресей. Екі елде де туу көрсеткіші төмен. Бір әйелге шаққанда, 1,5 бала. Бұл екі елді жұбатып, жақындастырады. Олар енді қарама-қайшылықта бола алмайды. Олардың экономикасы бірін-бірі толықтыруға арналған. Солтүстік ағындар мұны анық көрсетті. Ерте ме, кеш пе, олар ынтымақтаса бастайды"-деді.