Bugin

"Жаудан қашқан": тасқа айналған қырық қыздың тауқыметі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазығұрт ауданында орналасқан "қырық қыз" мүсіні туралы түрлі аңыздар бар. Bugin.kz тілшісі соның бірін назарларыңызға ұсынады.

Филология ғылымдарының докторы Қыздархан Рысберген "Тас мүсінге айналған қырыққыз" атты мақаласында:

 "Қазақта киелі саналатын Қазығұрт өңіріне бара қалсаңыз, ғажайып тас мүсінге айналған Қырыққызды көресіз. Көп замандардан бері табиғаттың өзі жаратқан киелі ескерткіш болып саналады.

Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, бұрынғы жаугер­шілік заманда жау шапқыншылары елден тысқары Қарабау суына шомылып, алаңсыз серуендеп келе жатқан 40 қызды көріп, соңдарынан қуса керек. Сонда қыздар Құдайға "Елімді, жерімді жауға таптатқанша, мына жауды да, бізді де тасқа айналдыр!" деп жалбарынған екен дейді. Қыздардың тілегі қабыл болып, жау әскері тасқа айналады. Ол жер қазір Қаратас деп аталады. Ал қыздар әсемдене тізілген қайталанбас ескерткішке айналған деседі.

Бұл ескерткіш тас мүсіндер Тұрбат ауылының солтүстік-шығысындағы Аққұм өзенінің бастау алар жерінде. Ауылдан 5-6 шақырым жердегі сарқырама жардың қасында", - деп жазады.