Bugin
Фото: видеодан кадр
Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мас күйінде ұшақ ортында жолсерікті ұрған қазақстандық әншіге қатысты қандай шешім шыққанын айтып , деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен азамат Нұрымбетов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 АЕК немесе 55 380 теңге әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды", - деді Қайсар Сұлтанбаев.
Сонымен қатар Сұлтанбаев бұл жағдайдың бір жыл бұрын болғанын еске салды.
"Иә, шынында да мұндай факт болды. Кінәлі Нұрымбетов 1982 жылы өмірге келген, Астана қаласының тұрғыны. Целиноград облыстық мәдениет үйінде жұмыс істейді. Ол мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған", - деді ол.
Әлеуметтік желідегі ақпараттарда бортсерікті ұрған әншінің Бауыржан Нұрымбетов екені айтылған. Бауыржан Нұрымбетов "Шіркін life 2" телебағламасының жеңімпазы болып көпшілікке танылған.