Bugin

"Айқайласаң, өлтіремін": Талдықорғанда педофил 10 жастағы оқушы қызға тиіскен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото. depositphotos

Талдықорғанда 10 жастағы оқушы қызға тиіскен педофил ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Анасының мәліметінше, оқиға кеше күндіз болған.  Оқушы қыз "Оқушылар сарайына" қосымша сабаққа бара жатқан. Белгісіз жігіт балабақшаның маңында шабуыл жасап, қызды ағаш арасына қарай сүйреп, "айғайласаң өлтіремін" деп қорқытқан. Оқушы сытылып шығып, жақын жердегі компьютер клубына тығылған.

"Бұл дерек қалалық Полиция басқармасында ресми түрде тіркелді. Жедел-іздестіру  шаралары барысында жеке құрам жұмылдырылып, шағын ауданның периметрі қоршалды. Полицейлер қылмыстың ізін суытпай 19 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Күдікті қамауға алынды", –  деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.

Іс тергеліп жатыр.