Bugin

"001, 007, 777": Қазақстанда VIP көлік нөмірлерінің бағасы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы биыл автокөліктерге арналған VIP нөмірлері қанша тұратынын айтты,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Азаматтарға арналған үкімет" Қазақстанда "әдемі" нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілгенін еске салды. Оларды сатудан түскен кіріс республикалық бюджетке түседі.

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, 2023 жылы ең жылдам сатылған нөмірлер: 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК  (2024 жылғы есеп бойынша 210,44 теңге ).

Бұл ретте VIP желісіндегі ең қымбат нөмірлер: 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 (әріптері бірдей). Мұндай әрбір нөмір 285 АЕК (2024 жылғы есеп бойынша 1 052 220 теңге) тұрады.