Bugin

Белгиялық қазақ баласы Жәнібектің оқиғасына қатысты тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: әлеуметтік желіден

"Бармысың, бауырым" бағдарламасының жүргізушісі, журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желіге Жәнібек туралы тағы бір видео жүктеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Журналистің айтуынша, Жәнібек дүниеге келген кезде жұмыс істеген медицина қызметкерлері әлі де жұмыс істеп жатыр.

"Жәнібек дүниеге келген перзентханаға да бардық. Ол перзентхана қазір жабылған. Оны көпжүйелі қалалық аурухананың ішіндегі гинекологиялық бөлімше ретінде ашқан. Сол кезде жұмыс істеген медицина қызметкерлеі әлі де жұмыс істеп жатқанына көз жеткіздік. Ең бірінші тауып, анализін тапсыртқызған болжамды ана Жазира ханымға қолымызда туу туралы ақпараттарыңыз бар деп айтпадық. Біз соған қарап отырып, нешінші жүктілік, нешінші балаң, өзің нешедесің, қандай мекен жайда тұрдың деген сқұрақтардың бәріне сол жауапты алдық. Біз оның жазған холқатын өзіне қайта жаздырып, арнайы маманға тесерткенде бұл 90 пайыз сол кісінің жазуы деп айтты", деді журналист.