Bugin
Фото. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі
Арыста газ баллоны жарылып, екі адам ауыр жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Арыс қаласындағы Қазыбек би көшесінде орналасқан үш бірдей коммерциялық нысан өртке оранды. Денесін күйік шалғандардың жағдайы ауыр. Олар ауруханаға жеткізілген.
"Бір қабатты шатыр астында орналасқан техникалық қызмет көрсету орталығы, наубайхана және дүкенді өрт шалды. 40 жастағы ер адам денесінің 65-70 пайызын күйік шалса, 36 жастағы екінші адам 25-30 пайыз күйіп қалған. Қазір екі зардап шегуші де орталық ауруханаға жатқызылды",- делінген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
50 литр газ балоны жарылып, салдарынан екі адамның денесін күйік шалды. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жеткен соң, наубайхана ішінен тағы 2 дана 50 литр және 2 дана 25 литр газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды.