Bugin
Өлі не тірі екені белгісіз құтқарушының әйелі жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көре аласыз https://t.me/buginkz_kz/5099
"Майқайың" кенішіндегі апаттан жер астына түсіп кеткен автобус пен ішіндегі екі адам әлі табылмады. Іздеу шаралары әлі жүргізіліп жатыр. Жоғалғандардың бірі Айдос Шаймерденнің келіншегі белгілі журналист Гүлмира Әбіқайға тағы хат жолдаған.
"Қазір ғана оқиға орынынан келдім. Опырылған жерде жалғыз экскаватор тұр. Оның қолынан не келеді? Кеніште жарылыс болып, күйеуім талай адамның бөлшектеніп кеткен денесін алып шыққан. "Қорықпайсың ба?" десем "Тірі адамнан қорқу керек, өліден емес" деген еді",- дейді келіншек.
Келіншектің жанайқайына күйінген журналист Үкіметке шүйлікті.
"Еліміздегі ең ірі саф алтын қоры бар "Майқайың" комбинаты автобуспен бірге құлаған әр жанның отбасына 4,5 миллион теңге береді. Алтын құнды, адам құнсыз заман-ай...", - дейді Гүлмира Әбіқай.