Bugin
Талдықорғанда 19 жастағы жігіт 10 жасар қызды зорламақ болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап.
Кішкентай қыздың айтуынша, ол Оқушылар сарайына жаяу бара жатқан. Артынан қалмай аңдып келген жас жігіт кенеттен оны күштеп, құрылыс алаңына апарған. Қыздан үнін шығармауын сұрап, сес көрсеткен. Жаман ойын іске асырмақшы болғанда жаяу жүргіншілердің бірі жеткіншекті аман алып қалды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 19 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынған.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жеке құрам жұмылдырылып, шағын ауданның периметрі қоршалды. Іс бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалып, тергеу барысы облыстық Полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды", - дейді облыстық ПД тергеу басқармасының бастығы Нұрболат Шаму.