Bugin

17 жыл құлдықта жүрген екі қыз ағасы мен жеңгесінің бар былығын жайып салды (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

17 жыл құлдықта жүрген екі қыз ағасы мен жеңгесінің бар былығын жайып салды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Көреміз" бағдарламасының жүргізушісі Руслан Өтепбай өзінің Инстаграм парақшасына Назгүлдің әңгімесін жариялады. Назгүл ағасы мен жеңгесінің қолында 17 жыл құлдықта болған қыздардың бірі. Ол өзінің өткен өмірін күліп еске алады.

"Жаман болып кеткенбіз, иә? Қапта киіміміз тұрды. Соны көрсеттік. Газымыз да таусылып қалған еді",- дейді бойжеткен.

Ол өзінің қорадағы өміріне өкінетіндей сыңай танытты. 

"Өзіміз сол жердегі суға шомылып алатын едік. "Ертең больницаға барасыңдар" деген кезде ғана шомылдыратын. Шәуілдірге барып келетін едік. Былайша жүре беретін едік", - дейді Назгүл.