Bugin
Фото: Балалар омбудсмені
Кәмелетке толмаған баласын азаптаған әйелдің әрекеті анықталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Өзбекстанның балалар омбудсменіне Шафирқон ауданында тұратын азамат Л.З. және С.Н. 2 жыл бойы кәмелетке толмаған баласын ұрып-соғып, азаптап жүргені туралы ақпарат түскен. Тіпті деректі дәлелдейтін бейнематериалдар қоса берілген екен.
С.Н. 2022 жылдың наурыз айынан бастап 2023 жылдың қараша айына дейін 2018 жылы туған баласы С.Ф.-ны бесікке байлаған күйінде таяқпен және басқа да заттармен үздіксіз ұрып-соғып, азаптап отырған.
Жағдайға байланысты әйелге қатысты Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің "а, в" тармақтары бойынша (кәмелетке толмаған адамды, жағдайы анық әлсіз адамды азаптау) қылмыстық іс қозғалды. Қазір Шафирқон аудандық ІІБ алдын ала тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.