Bugin
Фото: depositphotos
Сауда және интеграция министрлігі бірыңғай сағат белдеуіне көшу туралы соңғы шешімді қабылдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Министрліктің ақпаратына сәйкес , "Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы" Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілген.
"Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады. Осылайша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады", - делінген хабарлдамада.
Қаулы ресми түрде жарияланып, 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.