Bugin
Фото. depositphotos
Алдағы үш күнде еліміздің көптеген облысында аяз болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.
"Қазақстанның көптеген облысында ауқымды антициклон әсерінен күн ашық және аяз болады. Тек елдің батысы мен оңтүстік-шығысында құбылмалы ауа райы болып, қар түрінде жауын-шашын жауады, жел және бұрқасын күшейеді", - делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, солтүстікте, шығыста және орталықта түнде -25-33 градус, күндіз 15-23 градус аяз, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -5-15 градус, күндіз -2-7 градус, ал батыста түнде -8-18 градус, күндіз -3-15 градус.
20 қаңтарда ірі қалаларда ауа райы қандай болады
Астана
Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -30, күндіз -21 градус аяз.
Алматы
Аздап қар жауады. Түнде -7, күндіз -2 градус суық.
Шымкент
Қар аралас жаңбыр жауады. Түнде -5, күндіз -2 градус суық.