Bugin

"14 күн бойы зерттеу жүргізеді": Түрік азаматы ғарышқа ұшты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Анадолы агенттігі

Түркия елінің азаматы ғарышқа ұшты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ жергілікті уақытымен 16:49-да (Түркия уақытымен 00:49) тұңғыш түрік астронавты Альпер Гезеравжы мінген SpaceX ғарыш кемесі NASA-ның Флоридадағы Кеннеди ғарыш орталығынан сәтті ұшырылды.

Ax-3 миссиясына қатысушы ғарышкердің сапары АҚШ-тың Флорида штатындағы Кеннеди ғарыш орталығындағы 39А ұшыру кешенінен басталды.

Falcon 9 зымыраны SpaceX компаниясының Dragon капсуласын Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) апарады.

Ұзындығы 70 метр, диаметрі 3,7 метр және салмағы шамамен 550 тонна болатын Falcon 9 зымыраны Жердің төменгі орбитасына 22 000 келі, геостационарлық орбитаға 8 300 және Марсқа 4 000 келі пайдалы жүкті жеткізуге қабілетті.

Dragon капсуласы ұзындығы 8,1 метр және 7 адамды тасымалдай алады.

Түрік ғарышкері ХҒС-та 14 күн бойы әртүрлі ғылыми зерттеулер жүргізеді.

"Ax-3 миссиясына сонымен қатар АҚШ пен Испания атынан миссия директоры Майкл Лопес-Алегрия, итальяндық әуе күштерінің ұшқышы Вальтер Вилладей және Еуропалық ғарыш агенттігінің өкілі швециялық Маркус Вандт кіреді. Бұрын АҚШ-тың жергілікті уақыты бойынша 17 қаңтарға жоспарланған ұшыруды SpaceX соңғы тексерулерді аяқтау үшін бір күнге кейінге қалдырды", делінген жазбада.

Ғарыш кемесімен алғашқы бейнебайланыс сессиясында Альпер Гезеравжы: "Болашақ көкте" деп атап өтті!