Bugin
Коллаж. Ulysmedia
Салтанат Нүкенова ісі бойынша адвокат Жанна Уразбахова бірқатар деректерді жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Нүкеновтердің адвокаты экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бауыры 2-бап бойынша тергеліп жатқанын хабарлады.
"Күдіктінің бауыры аса ауыр қылмыс туралы хабарламау фактісі бойынша іс кісі өлтіру туралы негізгі іспен бірге тергелді. Қазір бауыры 2 бап бойынша күдікке ілініп отыр: Қылмыстық кодекстің 432-бабы (Қылмысты жасыру); Қылмыстық кодекстің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау), - деп жазды адвокат.
Екі бап бойынша да жаза мерзімі 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бауырына қатысты іс пен кісі өлтіру фактісі бойынша негізгі іс бірге қаралатыны анықталды.