Bugin
Фото: depositphotos
Теміртауда ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
16 қаңтарда Шет және Абай аудандарында төтенше жағдай жарияланған болатын. Желдің екпіні Теміртаудың кейбір аудандарын электр қуатынсыз, жылусыз және сусыз қалдырды. Сонымен қатар, жел бірнеше ғимараттың шатырын бұзды.
"Боранды желдің салдарын және ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, ТЖ басқармасының табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы ұсынысы қаралды. Бұдан басқа, "ҚазАвтоЖол"ҰК АҚ атына автомашиналар жиналуы мүмкін жерлерде уақытша бұрылыстарды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жіберілетін болады. Хаттамалық ұсынымдар мен шешімдер барлық жауапты мемлекеттік органдарға, кәсіпорындар мен ұйымдарға жіберіледі", – деді қала әкімі Ораз Таурбеков қалалық ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында.