Bugin

"Еркектер мені "ажырастырдың" деп кінәләйды": Коуч Роза Әшірбаева өзіне мін таққан танымал әншіге жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Коуч Роза Әшірбаева өзіне мін таққан танымал әншіге жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Индира Расылхан өзінің танысының әйелі Роза Әшірбаеваны тыңдап, үйден кетіп қалғаны туралы айтқан.

"Ер адам жауапкершілікті алмай жатыр ғой. Бірақ әйелдер де мықты болып кетті. Әлсіз екендігін айту керек сияқты. Нәзік бола салу керек. Олар мықты болған сайын еркектерге "мен өзім бәрін жасаймын" деген сигнал беріп жатыр. Мәселеге бір жақты қарамау керек", - дейді әнші.

Ал жастар арасында танымал коуч әншіге өз жауабын берді.

"Статистика бойынша Қазақстанда жылына 400 әйел күйеуінің қолынан соғысқа бармай, үйінде өледі. Күніне бір әйел сүйген жарының соққысынан қаза табады деген сөз. 

Еркектер мені "ажырастырдың" деп кінәләса, олардың әйелдері маған "жанымды құтқардың" деп алғыс айтады",- дейді коуч. 

Сонымен қатар, ол өзінің әлеуметтік желісінде ешкімді "ажырас" деп үгіттеп жатқан жоқ екендігін де айтқан.