Bugin

Желіде депутаттың конверт беріп жатқан видеосы тарады (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Желіде депутаттың конверт беріп жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз https://t.me/buginkz_kz/5105

Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтың көмекшісі мен Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы басшысының орынбасарына қатысты күмәнді бейнежазба тарады. Ол видеоны адвокат Айман Омарова өз парақшасына жариялаған. Мұнда басшы орынбасарының әкім көмекшісіне конверт берген сәті анық көрінеді. Одан кейін екеуі де сезіктеніп, камера орналасқан тұсқа қарайды. Белгілі құқық қорғаушы Айман Омарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында:

"29 желтоқсан күні "Ақтөбе" Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы басшысының орынбасары Руслан Әжниязов негізгі сыйақыдан бөлек, 10-15 қызметкерге 2-3 айлық жалақы көлемінде, жалпы сомасы 12 миллион теңге сыйақы бөлген. Бұл ақшаны Әжниязов серіктестерімен бірге қайта жинап алып, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Елеуов Ғалымжанға беріп жіберген", - деп жазды.

Бұл жағдайға қатысты "Ақтөбе" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өкілі арнайы түсінік берді. Басшының басқа орынбасары Нарек Гегамянның айтуынша, әріптесі Руслан Әжниязов жұмыс орнында. Дегенмен, қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр.

"Бұл Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының бірінші орынбасары Әжниязов Руслан. Екінші адам видеода көрсетілген ақпарат бойынша облыс әкімі орынбасарының көмекшісі. Айтылған жағдай бойынша тексеріледі. Бүкіл қызметкерлерден түсініктеме алынады. Басқа да жұмыстар жүргізіледі. Қосымша сіздерге хабарланады"- деді Гегамян.