Bugin

Ота жасатамын деп көз жұмған қарағандылықтың ісіне қатысты тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ота жасатамын деп көз жұмған қарағандылықтың ісіне қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында жоспарлы ота жасатамын деп көз жұмған 40 жастағы азаматтың өліміне қатысты іс тергеуге жолданды. Медициналық қызмет сапасын бақылау департаменті жүргізген тексеріс бірқатар олқылықты анықтады. 

Марқұм Төрежан Мақашовқа отаның алдында Цевтираксон антибиотигі стандартты ем ретінде қарастырылған. Бірақ сұйықтықты тері астына сынама ретінде еккенде оның реакция беру уақыты қадағаланбаған.

Төреженға реанимация шараларын жүргізуде дәрігерлік консилиум өткізілмегені анықталды. Сондықтан емдеуші дәрігер өз еркімен жұмыстан кеткен, ал екпе жасаған медбике басқа бөлімге ауыстырылыпты.

"Тексеріс құжаттары полиция департаментіне жолданды. Олар процессуалды шешім қабылдайды. Біздің тексеріс нәтижесінде стандарт процедуралардан ауытқау бойынша аурухана басшылығы әкімшілік жазаға тартылды. Ары қарай әрекеттер мен сот медициналық сараптаманы полиция тағайындап жүргізеді", -дейді Қарағанды облысы медицина қызметі сапасын бақылау департаментінің басшысы Ольга Смирнова.