Bugin

Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Абай облысы Полиция Департаментіне сілтеме жасап.

Жол апаты республикалық маңызы бар "Омбы-Майқапшағай" тасжолында болған. Мazda 626 маркалы автокөлігін басқарған 51 жастағы Семей тұрғыны басып озу маневрін орындау кезінде қарсы жолаққа шығып кеткен.

Қарсы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter көлігі қақтығысты айналып өте алмаған.

Соның салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақатымен көліктің жолаушылары ауруханаға жеткізілді. "Мазда 626" маркалы автокөлігіндегі 20 жастағы жолаушы ауруханада есін жимай көз жұмған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61