Bugin

5 жігіт жабылып 17 жастағы қызды зорлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бес жігіт 17 жастағы қызды жабылып зорлаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қаскөйлер кәмелетке толмаған жасөспірімді әбден қорлап, білгендерін істеген. Қызының зәбір көргені жайлы полицейлерге арызды Петропавл қаласының тұрғыны түсірген.

Бірден іске кіріскен тәртіп сақшылары көп ұзамай осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бес адамды ұстаған. Олар 17 мен 20-ның аралығындағы жас жігіттер. Қазіргі кезде үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал екеуіне қатысты қолданылатын шара тергеу барысында анықталады. Сот сараптамасы тағайындалған.

Зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет үшін 15-17 жылға бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған.