Bugin
Гүлзада Сәлім жас қызды өз әкесі зорлағаны туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Білген дұрыс" YouTube арнасында экс-кәсіпкер түрмеде отырған төрт жылда қаншама жазықсыз қыздарды көргенін айтады. Мыңдаған қыздың, келіншектің өзінің басын қорғаймын деп адам өлтіріп қойғаны туралы баяндайды. Гүлзада Сәлім қазақ қыздарының ұяң боп өсетініне наразылық танытты.
"15 жастағы қыз анасы, әкесі, інісі болады. Анасы отыздан аса ауырып қаза болады. Бірақ әкесі қанша ұрса да ешқашан тіс жарып ешкімге айтпаған екен. Жаңағы қыз інісі және әкесімен қалады. Сонымен бір күні қыздың әкесі түнде мас болып келіп, қызды зорлаған. Қыз үндемейді. Сосын тағы бірнеше рет зорлаған. Бір күні түнде әкесі тағы мас болып келеді. Қызды бірінші ұрып, сосын зорламақшы болған. Қыз қатты қобалжудан қайшыны қолына алып, әкесін өлтіріп тастаған. Ол қыз сегіз жыл бас бостандығынан айырылды", - дейді экс-кәсіпкер.
Кәсіпкер ол қыздың қазір бостандықта екенін, өте тәрбиелі, тәртіпті қыз екенін айтады.