Bugin

5 оқушы 13 жасар қызды топ болып зорлаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

5 оқушы 13 жасар қызды топ болып зорлаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

16 және 15 жастағы кәмелетке толмаған төрт жасөспірім жалдамалы пәтерде 13 жастағы қызды зорлаған. Кейін тағы бір жас жігіт күдікке ілікті. Ол ересек адам. Қылмыс болған пәтерді де кәмелетке толған жігіт жалға алған. Тергеу мәліметтері бойынша, қызды пәтерге алдап кіргізген.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, сотқа жіберілгенін хабарлады. 

Айыпталушылардың саны бесеу. Оның төртеуі кәмелет жасына толмаған. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі "Кәмелетке толмағанды зорлау" бойынша айып тағылды. Бұған қоса, оларға ұрлық пен тонау жасады деген айып тағылып отыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61