Bugin

Мектеп жатақханасындағы өрттен 13 адам қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мектеп жатақханасындағы өрттен 13 адам қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға Қытайда болған.

Бұл туралы Қытайдың Синьхуа агенттігі хабарлады.

Өрт жұма күні болған. Сағат 23:00 кезінде өртпен күрес қызметіне Яньшаньпу ауылындағы Инцай мектебінің жатақханасынан өрт шыққаны туралы хабар түскен. Құтқарушылар бірден оқиға орнына жетіп, өрт 23:38-де сөндірілді.

Бір адам жарақат алып, қазіргі таңда ауруханада ем алып жатыр. Қаза болған 13 адамның кім екені анықталуда.