Bugin
50 жастағы әйел күйеуін өзі өлтіріп тастаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Білген дұрыс" YouTube арнасында экс-кәсіпкер түрмеде отырған төрт жылда қаншама жазықсыз қыздарды көргенін айтады. Мыңдаған қыздың, келіншектің өзінің басын қорғаймын деп адам өлтіріп қойғаны туралы баяндайды. Гүлзада Сәлім отбасыдағы зорлық-зомбылық біраз қыз-келіншектің өмірін зая кетіргеніне ашынады.
"Түрмеде басындағы ақ орамалын тастамайтын келіншек болды. Жасы елуден асқан әйел. Шашы да ақ. Оған қарап отырып, "не үшін түскен екен?" деп таңқаласың. Сосын сұрадым. Өз күйеуін өлтірген екен. "Шыдай алмадым, шаршатты" деді. "Бірақ ешқашан өкінбеймін" деді. Өйткені оның күйеуі ана әйелге көрмегенді көрсеткен", - дейді Гүлзада Сәлім.