Bugin

Кристиан Диор - сән әлемінің әйгілі дизайнері

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кристиан Диор - әйгілі  сәнгер, белгілі сән үйінің негізін қалаушы. Bugin.kz тілшісі атақты тұлға туралы ақпарат ұсынады.

Кристиан Диор 1905 жылы 21 қаңтарда Гранвилде дүниеге келген. Әкесі Александр Луи Морис Диор мен анасы Мари-Мадлен Жюльетта Мартиннің отбасында екінші бала болды. Олар ауқатты отбасы еді.

1911 жылы Диор әулеті Парижге қоныс аударады. Оның әкесі мен ағасы, Морис пен Люьсен Диорлар  Dior Fils & Cie ("Диор ұлдары& Ко") маркасын жарыққа шығарады. Бірақ Кристиан Диор әкесі мен ағасының шаруасына араласқысы келмейді. Зауыттағы жағымсыз иістерді ұнатпай, олардың жұмысына қызығушылық танытпаған.

Оның шығармашылық жұмысының дамуына әжесі Мадам Жюльетта Мартин ерекше үлес қосады. Ол Кристианның басқа немерелерінен ерекшеленетінін бірден байқайды. Сол сенімнің арқасында Кристиан Диор жаңа киімдерді ойлап тауып қана қоймай,  қағазға түсіреді. Қағазға түсірген эскиздерін әжесі тігіп жүреді.

Уақыт өте келе ол Париж сән үйлеріне эскиздерін сата бастайды. Оның эскиздері танымалдыққа ие болады.

Ол өзі туралы "Мен ең алдымен мінсіз жасалған жұмысты ұсынғым келді. Менің ниетіме сән әлемінде төңкеріс жасау кірмеді, тек өзімнің шығармашылық жоспарларымды адал орындағым келді", - деп баяндайды.

Ол әйелдерді сұлу болуға шақырады. Киімдері арқылы қыз-келіншектерге нәзік болуды үйретеді. Кристиан Диор өзінің атымен аксессуарлар, терілер мен сөмкелер шығара бастайды. Осы арқылы Кристиан Диордың есімі әлемге даңқты болады.