Weekend
"Кровавый транзит" мамырда Қазақстанда көрсетіледі
Қазақстанның белгілі актерлері Моңғолияның халықаралық киножобасына қатысты. Әңгіме "Кровавый транзит" (халықаралық атауы – "The Mongolian Connection") боевигі жайында.
Фильмде Моңғолия даласында аман қалу үшін бірігуге мәжбүр болған Американың Федералдық тергеу бюросының агенті, моңғол полицейі және қауіпті қылмыскер туралы айтылады.
Фильмге қазақстандық тараптан Санжар Мәди мен Жандос Айбасов түсті. Сонымен қатар Амарсайхан Балжинням, Кайви Лиман, Цэцэг Бямбаа есімді актерлер бар.
Жобаға америкалық Дрю Томас режиссер болды.
Сюжет бойынша ФТБ агенті Уэйд Далтон адам саудасымен айналысатын қылмыстық синдикат мүшесі – Серік Ибраевты (Санжар Мәди) қолға түсіреді. Далтон моңғол полицейі Ганзоригпен бірге оны Моңғолияға тездетіп жеткізуі керек. Ибраев синдикат басшысы Тенжинге (Жандос Айбасов) қарсы түсінік беруі тиіс. Алайда Тенжин оларды жолдан тоқтату үшін бәріне дайын.
"Кровавый транзит" Моңғолияда 2018 жылы қазанда көрсетілді. Ал Қазақстан прокатына биыл 9 мамырдан бастап шығады.