Bugin
Фото: видеодан скриншот
Қытайдағы Мадина есімді қазақ қызы жігерімен елді тамсандырып жүр. Ол өмірге құштарлығы туралы блог жүргізеді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі оның желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мадина – 1 жарым миллиард халқы бар Қытайда өскен қазақ қызы. Ол қазір Қытайдың ішкі аймағына өтіп, өз кәсібін дөңгелетіп отыр:
"Мен қазақ тілінде оқығанмын. Қазір Қытай тілінен қиналып жүрмін. Бұл қиыншылықтардың бәрін еңсеремін деп ойлаймын. Қытайлықтарға зат сатқандықтан олардың тілінде сөйлеуге мәжбүрмін. Ешқашан үйренуден шаршамаңыздар. Үйрену ешқашан тоқтамайтын өнер екен. Тек мектепте емес, қоғамнан да үйреніңіздер. Өмір – өте керемет",-деді ол.
Қазір ол сенімді адамы арқылы Қазақстан халқына Tik tok арқылы танылып жатыр. Мотивациялық бағыттағы блог жүргізеді.
Ол қолынан қалай айрылған оқиғасын тебірене еске алады. Мадина 6 айлық сәби кезінде ата-әжесі, әпкесі төртеуі қыстаудан ауылға бармақ болады. Қарлы боранда олар адасып кетеді. Әжесі мен әпкесі Мадинаны аман алып қалу үшін бар киімдерін шешім, сәбиге орай берген. Өздері қайтыс болып, Мадина тірі қалады. Жанындағы екі адам қайтыс болған соң сәби қимылдап екі қолын ораудан сыртқа шығарып алған. Сол кезде 2 қолы да үсіп кеткен екен. Атасы бораннан аман-есен ауылына жетіп, Мадинаны да кейінірек құтқарады.