Bugin
фото: аstanatv.kz
Қарағандыда пойыз бен жеңіл автокөлік соғысып қалды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қарағанды облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі:
"31 жастағы "Лада Приора" автокөлігінің жүргізушісі Саран тас жолымен Костенко шахтасы жағынан “Тойота орталығына" қарай келе жатып, реттелетін теміржол өткелінде жабық шлагбаумды айналып өтіп, тепловоз жүріп бара жатқан теміржол өткеліне шығып кеткен. Апат салдарынан автокөліктің екі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Автокөліктің жүргізушісі және тағы үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді", - деп хабарлады.
Оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталды. Тепловоздағы бейнежазба қаралып, мұқият зерттеліп жатыр.