Bugin
Фото: ҚТЖ ресми сайтынан
Шу станциясында кеше 2 теміржол қызметкері оқыстан пойыз қағып кетті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Станция маңайында 4 қызметкер вагондардан түсіп қалған пойыз жабдықтарын іздеуге шыққан. Сол мезетте №71 пойыз екі қызметкерді қағып кеткен. Екі қызметкер көз жұмған.
Марқұмдардың бірі 62, екіншісі 57 жаста болған. Екеуі де теміржол қызметінде 20-30 жылға жуық қызмет атқарған.
Ведмоство хабарламасында:
"2024 жылдың 21 қаңтар күні 07 сағат 27 минутта Шығанақ-Шоу учаскесінің Жиделі-Бірлік аралығында теміржол көлігінің екі қызметкерімен жазатайым оқиға орын алды. Пойыз машинисі жедел тежеуді іске қосқан. Алайда қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмады. Барлық мән-жайларды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы барды.Тексеру басталды.
ҚТЖ қызметкерлердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтады және оларға қажетті көмек көрсетеді",-делінген.