Bugin

Маман еліміздегі жас жігіттер арасында жиі кездесетін ауруларды атады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Қазақ әскеріндегі мәселелер туралы Парламент мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Уәде" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол жас жігіттер қандай ауруларға жиі шалдығатыны туралы:

"Қазіргі қаланың балалары әскерге дайын емес. Бұрын тек плоскостопия мен миопия немесе сколиоз деген диагнозбен әскерге жарамсыз болатын. Қазір түрлі-түрлі аурулар бар. Қазіргі аурулар жасарып келеді. Диабет, жүректің аурулары, көзі көрмейтін телефон қарап құртып алған балалар көп. Олар барғысы келсе де, денсаулықтары мүмкіншілік бермейді. Кейбіреулер қорқады. Мамалары әйтеуір бір кафедраға беріп ап қалады. Қазір көп ЖОО-да әскери кафедра бар. Сол арқылы әскери билет алады",-деді.