"Таксимен қалаға кеткен": Із-түзсіз жоғалған 2 баланың анасы 13 күннен соң табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Вита еріктілер тобынан

Павлодарда 13 күн бойы жоғалған 2 баланың анасы аман-есен табылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі павлодарлық "Vita” еріктілер тобына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйел 8 қаңтар күні түскі уақытта таксимен Ертіс ауданы, Қызылжар ауылынан Павлодарға жолға шыққан. Қаладағы ауа райының қолайсыздығына байланысты ол 21.00 шамасында такси жүргізушісінен оны Сәтбаев-Торайғыров қиылысында субұрқақтың жанына түсіріп кетуін өтінген. Одан әрі қыздың қайда кеткенін ешкім білмеді.

Кеше Vita еріктілері әйел адамның тірі табылғанын хабарлады. Оны жергілікті полиция қызметкерлері тапқан.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61