Bugin
Фото. әлеуметтік желіден
Ресейлік журналист Тина Канделакиге қатысты журналистердің сұрағына Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Қоғам өзі жауап берді ғой. Бір мәселе апта қызу талқыланды. Оған не қосайын? Өз есесін алды ғой. Ең өкініштісі, неше түрліні айта беретін шетел азаматына жауап бере берсек, онда еліміздің ішкі мәселелері қалып қалады. Соған көңіл бөлейік. Сырттан біреу ананы айтты, мынаны айтты деп назар аудара берсек, уақытымыз да жетпейді", - дейді ол.