Bugin

"- 30 градус аяз": Синоптиктер 23-25 қаңтарға ауа райы болжамын жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото. depositphotos

Синоптиктер 23-25 қаңтар аралығында Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

 

"Алдағы үш күнде республиканың бүкіл Батыс жартысына Батыс антициклоны ықпал етеді. Салдарынан жауын-шашын, қарсыз аязды ауа райы болады. Ал елдің қалған аймақтарына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді.  Бұл циклон ықпалына сәйкес жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады, көктайғақ, тұман түсіп, боранды жел күшейеді.

Синоптиктер ауа райының бұзылып, аяз болатынын ескертті.

"Түнде елдің батысында ауа температурасы 22-30 градус аязға дейін, солтүстік-батыста 20-30 аяз, солтүстікте, орталықта және шығыста 7-18 аяз болады. Оңтүстікте ауа температурасы күндіз +5, түнде - 5 градусты көрсетсе, оңтүстік-шығыста 0-10 градус аяз болады", делінген "Қазгидромет"  хабарламасында.