Bugin

"Күйеуі қайтыс болып, депрессияға түскен": Жәнібекті асырап алған әйел туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: әлеуметтік желіден

Бельгиялық қазақ баласы Жәнібекті асырап алған әйелге қаысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Сұрауы бар" Youtube-арнасына сілтеме жасап.

Белгілі журналист Қымбат Досжан бағдарламада біраз сұрақтарға жауап берді. 

Айтуынша, Жәнібек 1996 жылы күйеуі қайтыс болған жалғызбасты әйелге берілген. Ал бұған дейінгі заңдарда да, қазіргі заңда да асырап алушы тарап толық отбасы болуы керек деп жазылған.

"Күйеуі қайтыс болғаннан кейін бірнеше рет депрессияға түскен. Ісін қарап отырсақ, "Бельгия азаматы. Кішкентай қалада тұрады. Тұрмыстық жағдайы жақсы" деген бір бет қана қағаз бар. Ондай қағазбен біздің елде өз қазағың бала асырап ала алмайды. Том-томдап қағаз жинайды. Айлап-жылдап кезекте тұрады. Сондай-ақ сенің отбасыңа келіп, тоңазытқышта қандай тамақ бар екенін қарауға дейін барады. Ал шетелдегі депрессиялық күйге түскен, психикалық ауытқушылығы бар әйелге 2 жастан енді асқан баланы оп-оңай беріп жібереміз", - деді  Қымбат Досжан сұхбатта.