Bugin

"Не оқыды, білмеймін": Қымбат Досжан Жәнібек туралы ток-шоу түсіргендерге наразы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қымбат Досжан Жәнібек туралы ток-шоу түсіргендерге наразы, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Сұрауы бар" YouTube арнасына сілтеме жасап.

Қымбат Досжан Жәнібек біздің елдің азаматы болғанына қатты қуанышты екенін жеткізді.

"Ол алты ай бойы жұмыс істеп, ақша жиған. Біздің елге келу үшін. Ол 22 жыл бойы өзіне ұқсайтын адам көрмеген. Қазақ көрмеген. Осы біздің елге ұшайын деп жатқанда жылап қалыпты. Өзіне ұқсайтын қазақ азаматтарды көргеніне қуанған", - дейді ол.

Жәнібектің ата-анасын іздеген журналист өзінің таңданысын білдірді.

"Жәнібек туралы барлық қағаз бар да, анасының куәлігінің көшірмесі жоқ. Осы қызық. Мейлі жағдайы ауыр болып, толғатып, босанды. Сұрауға уақыт болмады. Бірақ баласын емізіп төрт күн жатты ғой сол жерде. Қолхат жазып кетті. Сол кезде неге сұралмаған?",- дейді ол.

Қымбат Досжан Жәнібек елге анасын іздеп келгеннен кейін тағы да басқа тосын жағдайларға тап келген. Ток-шоуларға наразы екенін де білдірді. Өзбекстаннан шыққан болжамды ана турлы Қымбат Досжан білген. Бірақ оның анасы болуына күмәнданған. Сол себепті журналист өзбекстандық болжамды анаға хабарласпаған. Ал ол өзі Жәнібектің жекесіне шығып "Мен сенің анаңмын" деген. Ал Жәнібек оны ток-шоудың адамдарына айтқан.

"Бұлай болмайды. Жас балалар ғой. Этика олардың миларында жоқ сияқты. Не оқыды білмеймін?! Журналистік этиканы былай қойғанда адамилық қайда қалды. Ол келіншектің де болашағы бар. Ол келіншектің жаңа отбасы бар. Олар аты-жөнін айтып тұрып жариялады. Өзге елдің азаматы 15 жасына толмай, бала туып, тастап кеткенмін дейді. Бірақ айқайлатып жасаған Жәнібек екеуінің анализі де тура келмеді. Бір сұрақ бар. 15 жаста босанған келіншектің баласы қайда?", - деп таңданысын білдірді журналист.