Bugin

Майқайыңдағы апат сканерленген жерден автобус емес, темір құбыр шыққан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Майқайыңдағы апат сканерленген жерден автобус емес, темір құбыр шыққан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы журналист Оңғар Қабден жариялады.

"Георадар сканерлеген жерден автобус табылуы керек еді. Бірақ, ол жерден темір құбыр шықты. Кеше екінші экскаваторды әкеп түсірді. Қазір георадар көрсетті деген үш жерді қазып жатыр”,- деп жазды журналист.

Георадар магнитометр мен гравиметрдің жұмысын да қатар атқарады. Ол кез-келген темірді көрсете береді екен.

“Шұңқырдың маңайындағы жер жарылып кеткен. Құтқарушылар белдерін арқанмен байлап, бастарын қатерге тігіп жұмыс істеуде. Жарылған жерді көріп бойыңды тағы да опырылып кете ме деген үрей билейді екен",- деді ол.