Саясат

Әміржан Қосановтың комсомолдың 100 жылдығын қолдауы сол себепті...

Автор сөзі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Әміржан Қосанов:
1/1986 жылғы желтоқсанды КазГУдің журналистика факультетінің комсомол секретары болып қарсы алып, алаңға желтоқсаншыларды қаралаушылардың қатарында барып-келіп, сосын қатысқан патриот студенттерді комсомол ұйымынан (оқудан) шығаруға басшылық жасаған адам;
2/ 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін Алматы қаласының Медеу аудандық комсомол комитетінің 1-секретары қызметінде қарсы алған адам;
3/ 1991 - 1998 жж 7 жыл қатарынан ҚР-ның аса ірі лауазымды қызметкері - ҚР Жастар жөніндегі министрдің орынбасары, ҚР Премьер-Министрінің көмекшісі, баспасөз xатшысы секілді - басшылық қызметтерді атқарған адам;
4/ Премьер-министр Ә.Қажыгелдин сайлауда президент болып кетеді деп сеніп, "қателесіп", ол шетелге кеткен соң, амал жоқ оппозициялық ұйымдармен қызмет етуге мәжбүр болған адам.

Оның кешегі Алматыдағы комсомолдың 100 жылдығын атап өтуге қатысып және газетке ол шараны қолдап жазып жүргені сол себептен.

Жарылқап Қалыбай facebook парақшасынан алынды