Bugin

Атырауда төбелестен қаза тапқан жігіт туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырауда төбелестен қаза тапқан жігіт туралы тың дерек шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

Оқиға қаладағы Авангард ықшам ауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, алғашында пәтерден шу шыққан. Кейін жігіттер төбелесті далада жалғастырыпты.

"Қазір оқиға болған аулада қылмыстың еш белгісі жоқ. Көршілерінің айтуынша, алғашында жас жігіттердің әрекеті әзіл секілді көрінген. Екі жігіт төбелесіп жүргенде, үшіншісі келіп, бас жағынан ұрып қалған. Қолында ұзын таяғы болды",- дейді тілші.

Жас жігіт содан ес жимаған. Көршілерінің сөзіне сенсек, олар қаладағы мектептердің бірін жөндеуге Павлодар қаласынан келіпті. Атырауда үй жалдап тұрған көрінеді.

"Есік алдына шықсам, полицияның 12 көлігі тұрған шығар, адам толып жүр. Шошып кеттім. Анау орындықта беті жабылған адам жатты. Өзім көрмедім. Көршілер оларды ойнап жүр деп ойлаған. Үшіншісі таяқпен атып шығыпты, таяқты басында бір нәрсе болды,- деді. Басына тиген болып тұр ғой, шамасы. Көршілер арасында қыздар болған,- деді. Қызғаныш болды ма екен, ол жағын білмедім", - дейді қала тұрғыны.

Жанжалдың неден шыққаны әзірге белгісіз. 30 жастағы Павлодар қаласы тұрғынының өліміне күдікті - оның 41 жастағы жерлесі.