Bugin
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев Алматы халқына үндеу жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Құрметті, Алматы қаласының тұрғындары. Қазіргі таңда сағат таңғы 5-ке қарай қатты жер сілкінісі болады деген жалған ақпарат тарап жатыр. Барлығыңыздан сабыр сақтауларыңызды сұраймыз. Тек қана ресми дереккөздерге сенулеріңізді сұраймын. Сейсмологтардың мәліметінше қайталама дүмпулер күтілмейді”, – дейді Нұрлан Атығаев.