Bugin
Фото: Ләззат Рақышева парақшасынан алынды
Ата-анасы қызын 33 жылдан бері іздеп жүр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі құқық қорғаушы Ләззатт Рақышева парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жоғалған қыздың бауыры заңгерге хабарласып, отбасы 33 жылдан бері Салтанатты іздеп жүргенін айтқан.
"Мынау менің 1982 жылғы әпкем. Бірақ бұл әпкемді өмірде көрмегенмін. Оны 8 жас кезінде есіктің алдында ойнап жүрген жерінен ұрлап кеткен. Шамамаен 1991-1992 жылдары болса керек. Небәрі 2-сынып оқып жүрген кезде ұрлаған.
Есімі – Салтанат. Сол ұрлап кеткеннен кейін хабар-ошарсыз. Әке-шешемнің іздемеген жері қалмады. Балшы-балгерлерге көп барды. Табылмады. Анам ойлана беретін болып қалған",-деп жазған бауыры.