Bugin

"Жағдайы ауыр": Алматыдағы жер сілкінісі кезінде жарақат алғандар туралы ақпарат белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Алматыда түндегі жер сілкінісі кезінде тұрғындар терезеден секіріп кеткен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жер сілкінісі кезінде Алматы қалалық жедел жәрдем қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеді. Соңғы мәліміт бойынша, түнгі сағат 3-ке дейін 8 адам зардап шеккен. Бір адам ауыр хәлде.

Ведмоство хабарламасында:

"Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген. Медициналық тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емделуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр", - деді.

Үш адам 2-3 қабаттан секіріп кеткен. Ал қалған 5 адам үйден жүгіріп шыққан кезінде жарақат алған.