Bugin
Фото:depositphotos.com
Биыл ауа-райы жылдағыдан салқын, аяз. Соған байланысты суықтан үсіп қайтыс болып жатқандардың саны артып жатыр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі CBS News агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
CBS News хабарлауынша, соңғы аптада қысқы ауа райына байланысты кем дегенде 95 адам қайтыс болған.
Теннесси денсаулық сақтау департаменті Орегон штатында ауа райына байланысты 25 адам қайтыс болғанын растады. Оның ішінде үш ересек адам көлігіне ағаш құлап қайтыс болған. Ол көлікте тек бала аман қалған.
Иллинойс, Пенсильвания, Миссисипи, Вашингтон, Кентукки, Висконсин, Нью-Йорк, Нью-Джерси және басқа қалаларда көбірек өлім тіркелді. Қазір ауа-райы қолайсыздығының себебімен қаза тапқандардың нақты санын анықтау үшін тергеу жалғаасып жатыр.
Осы демалыс күндері Америка Құрама Штаттарында қауіпті ауа райы сақталды. Сенбіде ондаған миллион адамдар орташа температурадан төмен қара суыққа тап болды
Суық ауа райында қауіпсіздікті сақтау үшін сарапшылар сыртқа шығу керек болса, қабат-қабат киінуге кеңес береді. Жылытқыш сияқты құрылғыларды пайдаланғанда абай болуды және гипотермия сияқты ауыр жағдайлардың белгілерін бақылауды ұсынады.
Орегонның Батыс жағалауы аймақта 45 000-нан астам тұтынушыны электр қуатынсыз қалдырған өлімге әкелетін мұз дауылынан кейін төтенше жағдай режимінде қалды. Басқа да электр қуатының үзілуі Пенсильвания, Калифорния, Нью-Мексико және Индиана штаттарында болды.
Синоптиктердің айтуынша, қарлы және көктайғақ келесі аптаның басында сақталады.
Weather Channel метеорологы Молли МакКоллум:
"Арктикалық ауа Парсы шығанағындағы ылғалмен қосылып, Оклахомадан Иллинойсқа дейін мұз жамылғысын жасайды", - деді