Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: depositphotos.com
Кеше түнде Алматыдағы жер сілкінісінен соң, жұрт қаладан жаппай шығып кетуге тырысты. Тіпті бірнеше сағат қаладан шығу үшін кептеліс орын алды. Алматыда тағы да жер сілкінісі орын ала ма? Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев :
"Алматының тұрғындары мен қонақтарына жақын арада қатты жойқын жер сілкінісі болмайтынына сендіргім келеді. Сейсмикалық оқиға Қытай мен Қырғызстан аумағында болды. Алматы, Алматы облысының, ішінара Жетісу облысының тұрғындары сезінген дүмпулер ҚХР мен Қырғызстан аумағында болған қуатты жер сілкінісінің афтершокы", - дейді маман.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61